Құрметті жерлестер!

Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырған әрбір Отан қорғаушы үшін, әрбір сарбаз үшін ерекше күн. Мемлекет басшысының тұрақты қамқорлығының арқасында еліміздің Қарулы күштері оның сенімді қалқанына айналды. Жыл сайын олардың жауынгерлік тиімділігі, заманауи қару-жарақпен жабдықтау деңгейі және мамандар даярлау сапасы артып келеді. Армиядағы қызмет жүз мыңдаған жастарға, соның ішінде, жерлестерімізге, батылдық пен отансүйгіштік мектебі болды.

Қазақстан Қарулы күштерінің алдында бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, республика аумағының тұтастығын қорғау міндеті тұр. Бұл жас жауынгерлер үшін асқақ абырой екені сөзсіз.

Құрметті Отан қорғаушылар, сарбаздар мен резервтік офицерлер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Мықты денсаулық, күш пен таусылмас жігер тілейміз, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін сақтап, жеріміздегі бейбітшілікті қорғауды жалғастыра беруден талмаңыздар.

 Тілектес ДОСАЕВ,

Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,

қалалық мәслихат хатшысы.