Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, бостандық пен еркіндіктің бастауы болған, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.
Басымызға қонған бүгінгі Тәуелсіздік еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктерінің арқасы.
Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Республикамыздың осындай биіктіктерді бағындыруына барлық жерлестер сүбелі үлес қосып келеді. Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілейміз. Еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.