Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтауы

Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Баршаңызды ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.
Бүгін азаттық аңсаған ата-бабамыздың арманы орындалған қасиетті, қастерлі күн!
Бұл – тілімізді жаңғыртып, тарихымызды түгендеп, тағдырымызды таңдаған ұлы күн! Біз осы күні тәуелсіздік туын көтерген тұлғаларды еске аламыз.
Биылғы Тәуелсіздік күнін Ұлытау облысының халқы ерекше қуанышпен қарсы алды. Қазақ халқы бірлік пен берекені басты байлығына балаған. Ендеше, өңірімізді өркендетіп, өнеркәсібімізді дамытуға жұмыла жұмыс істейік.
Келешегіміз кемел, аспанымыз ашық, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Баршаңызға амандық, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!