Құрметті жәйремдіктер!

Сіздерді Жәйремнің 50 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Кентіміз еңбексүйгіш тұрғындарының арқасында жыл сайын гүлденіп, өзгеруде.

Жәйрем өмірі бір орында тұрмай, үнемі даму үстінде: оның инфрақұрылымы дамуда, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, мәдениет пен спорт саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуде.

Жәйремнің әр тұрғыны өзінің кішкентай Отанымен, оның шағын геологиялық мекеннен инфрақұрылымы дамыған кентке дейінгі даму тарихымен және басты байлығы – еңбекқор, талантты да мейірімді тұрғындарымен мақтануға құқылы!

Біз «Казцинк» ЖШС компаниялары тобымен және «ЖКБК» АҚ-мен бірлесіп, барымызды сақтап, ойға алған жоспарларымызды жүзеге асыра алатынымызға және кентті дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін тіршіліктің барлық саласында көптеген игі істерді атқаратынымызға сенімдіміз.

Баршаңызға кенттің дамуына қосқан, қосып жатқан үлестеріңіз бен кіші Отандарыңызға деген адалдықтарыңыз үшін алғыс айтқымыз келеді.

Жәйрем тұрғындарына мықты денсаулық, бақыт, береке, еңбектері бен бастамаларына табыс тілейміз.

Мерекелеріңізбен! Мерейтойларыңызбен!

С.БАРТОШ,

«Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Басқарма төрағасы.

М.КӘРІБАЕВ,

«Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.