Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Судья және сот қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сот жүйесі – әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ететін мемлекеттің маңызды тірегі. Сіздердің біліктіліктеріңіз, әділ шешімдеріңіз және адал қызметтеріңіз азаматтардың құқықтарын қорғауға, қоғамда тұрақтылық пен сенімділікті орнықтыруға үлкен үлес қосуда.
Бүгінде сот билігіне қойылатын талаптар артып, сот жүйесін жаңғырту бағытында ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Осы жолда сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен әділетті ұстанымдарыңыздың маңызы зор.
Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, қажымас қайрат және еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз! Әрбір шешімдеріңіз әділдік пен заңдылыққа негізделіп, ел сенімінен шығуға жазсын!
Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.