ҚҰРМЕТТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында сіздер тәулік бойы аянбай еңбек етіп келесіздер. Ел тыныштығын күзету – зор жауапкершілік пен батылдықты талап ететін абыройлы міндет.

Сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіздің арқасында елімізде бейбіт өмір мен тұрақтылық сақталып отыр.

Бүгінде полиция қызметі заман талабына сай жаңғырып, халықтың сеніміне ие болуға бағытталған реформаларды жүзеге асыруда. Осы жолда сіздердің кәсібиліктеріңіз, адалдықтарыңыз бен Отанға деген сүйіспеншіліктеріңіз аса маңызды.

Ардагерлерімізге – сала дамуына қосқан өлшеусіз үлестері үшін алғыс айтамыз. Жас буын қызметкерлерге – сәттілік пен табыс тілейміз.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығы мен қызметте табыс тілейміз. Еліміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!

Айқын ЕЛЕУСІЗОВ,
Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат төрағасы.


У