Құрметті аймақ тұрғындары!

Сіздерді ынтымақшыл халқымызға қуаныш пен шаттық әкелетін, татулығымыз бен мызғымас бірлігіміздің бастауы — 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазірде Қазақ елі – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымы бар, берекесі мен бірлігі жарасқан табысты мемлекет.

Біз – бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жолына жұмылған қуатты елміз.

Бүгінде біздің көпұлтты мемлекетімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Еліміздегі қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміздің экономикасы өркендеп, әлеумет ілгері басып келеді. Қоғамда тұрақтылық пен тыныштықтың сақталуы елімізде демократиялық мемлекет құруға және алға өрлеуге зор ықпал етуде.

Қымбатты жерлестер!

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.

Бірлік мерекесі қарсаңында сіздерге бақыт, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Бейбіт өміріміздің берекесі мәңгілік болсын, елімізде өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттардың ынтымақ-бірлігі күн өткен сайын нығая берсін!

Тілектес Досаев,

 Қаражал қаласының әкімі.

Зәмзәгүл Оспанова,

 қалалық мәслихат хатшысы.