Әр салада өз ізін қалдырып

Біз барлық салаларда табанды еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген еңбектердің маңыздылығын бағалаймыз. Әрбір еңбек адамы – тек қарапайым жұмысшы ғана емес, ол өз ісінің шебері, адалдықтың, табандылықтың және жанжалсыз ынтымақтың символы. Оның еңбегі экономиканың іргетасы, қоғамның тірегі, әке-шешенің асыл мұрасы болып табылады.
Күн сайын тоңазытқыштардың салқындату жүйесінен бастап, жол-жөнекей жұмыстарға, теміржолда қызмет етуден білім беру саласына дейінгі әрбір кәсіптің негізінде адамның өз ісіне деген махаббаты жатыр. Әрбір қиындықты еңсерудегі табандылық, еңбек жолындағы шаршамас қайсарлық – осы қасиеттер адал еңбек адамын ерекшелендіріп, елдің болашағын жарқын етеді.
Құрылыстағы инженерлер мен құрылысшылар, өндірісте еңбек етіп, жоғары өнімділікке жететін мамандар, денсаулық сақтау мен білім беру саласында қызмет етіп жүрген шәкірт тәрбиешілері, IT саласындағы инновациялық шешімдерді қолға алушылар – барлығы да біздің заманымыздың шынайы еңбек адалдары. Жүрекпен атқаратын еңбегі арқасында олар қоғамымызды бір-бірімен байланыстырып, алға жетелеп келеді.

Мауленина Айгуль Куловна- Қаражал қалалық мәслихатының депутаты, “AMANAT” партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы.