Жаңа Конституция жобасы – кабинет ішінде емес, қоғаммен бірге талқыланған құжат. Ашық жариялануы азаматтарға ұсынылған нормаларды саралап, өз пікірін білдіруге мүмкіндік берді.
Соңғы отырыста қызу пікірталас өтті. Әр сөз майшаммен қаралып, кей тұста терминнің өзі мамандар арасында талас тудырды. Бұл – сапаға деген жауапкершіліктің белгісі.
Арнайы жұмыс топтары күнделікті еңбек етті. 10 мыңнан астам ұсыныс қаралып, мазмұндық толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде құжат Мемлекет басшысына ұсынылды.
15 наурызда өтетін референдум – осы ауқымды еңбектің қорытынды кезеңі. Жаңа Конституцияны халықтың өзі қабылдайды.
