Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады 

Бүгінде елімізде шамамен 7 млн бала өсіп келеді. Яғни, халықтың үштен бір бөлігінен астамын балалар құрап отыр, нақты айтсақ – 34%. Еліміздің болашағы отаншыл, жасампаз ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты. 

Сондықтан да Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда “Қазақстан балалары” бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

 

▫️ Үкімет отырысында жауапты министрлер бірыңғай Тұжырымдама жобасының негізгі тәсілдері туралы баяндады.

 

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасында білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, әлеуметтік қамсыздандыру және отбасының әл-ауқаты саласында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі нақты іс-шаралар жоспары қамтылған.

 

🔹 Премьер-министр соңғы жылдары балалардың құқықтарын қорғау бойынша бірқатар шара қабылданғанын атап өтті.

 

ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ НЕ ІСТЕЛДІ:

 

🟦«Заңнамалық база айтарлықтай кеңейтілді. Әсіресе, балаларға қатысты қылмыстық әрекеттер үшін жазаның бұлтартпас қағидаты қатаң сақталады.

🟦Отбасы мәселелері, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бойынша 111 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Оған жүгінген жағдайда міндетті түрде көмек көрсетіліп, тексеру шаралары жүргізіледі.

🟦Барлық өңірде бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдер жұмыс істейді, олар бала құқықтарының сақталуын бақылайды әрі балалар мен отбасыларға көмек көрсетеді.

🟦1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымына «тосыннан тексеру» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау жүйесі енгізіледі. Бұл балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану мәселелеріне қатысты». Олжас Бектенов Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Мәдениет, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Туризм және Ішкі істер министрліктеріне әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың 30 қаңтарына дейін ерекше бақылау мен қадағалауға жататын нысандар тізілімін дайындауды тапсырды.

🟦Балалардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыру мақсатында қамқоршылық органдары мамандарының жаңа штаттық нормативі енгізілді. Ол 1 жыл ішінде мамандар санын 3 еседен астам арттыруға мүмкіндік берді.

🟦Осы мамандар қатарынан әр өңірде бала құқықтарын қорғау басқармалары құрылуда.

 

🔹 Бұл ретте Премьер-министр өңірлердің көпшілігінде бұл іске тиісті көңіл бөлінбей отырғанын, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе облыстарында және елордада ғана нәтижелі жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

 

❗️ Қалған өңір әкімдіктеріне екі ай ішінде бала құқықтарын қорғау басқармаларын құру ісін аяқтау тапсырылды.

 

🔹 Олжас Бектенов атап өткендей, «өткен жылдың 1 шілдесінен бері отбасына орналастырудың жаңа нысаны – баланы қабылдайтын кәсіби отбасы енгізілді (әр балаға 10 АЕК мөлшерінде жәрдемақы, әр тәрбиешіге қызмет ақысы – 70 АЕК). Оларды қамтамасыз етуге тиісті қаражат көзделген. Алайда, бірде-бір облыста жұмыс жүргізілген жоқ».

 

❗️ Өңір әкімдіктеріне бұл бағытта жұмысты жандандыру тапсырылды.

 

ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР:

 

🟦«Соңғы жылдары балалардың сапалы медициналық көмек алу мүмкіндігі айтарлықтай жақсарды. Алайда, мамандардың, дәрілік заттардың жетіспеушілігіне, балаларды оңалту мәселелері бойынша түсіп жатқан шағымдар аз емес.

🟦Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың бірқатар жаңа тетіктері енгізілді. Бірақ оны тиімді іске асыру үшін тиісті жағдайлар мен арнайы мамандар – дефектолог, логопед, сурдологтер қажет.

🟦Балалардың, соның ішінде олардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері әлі де өзекті.

🟦Көптеген ауыл балалары үйірмелер мен заманауи білім беру технологияларынан тыс қалады. Жасөспірімдерге тиісті көңіл бөлінбейді әрі олар өзін дамыту үшін тың мүмкіндіктерден айрылып отыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

💬Бұл бағытта жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Ішкі істер министрліктері мен өңір әкімдіктері арасындағы ведомствоаралық үйлестіруді күшейту қажет.

Тұжырымдамада көзделген нысаналы индикаторлар балаларды дамытудың, қолдау мен қорғаудың орнықты жүйесін қалыптастыруы тиіс💬, — деп атап өтті Олжас Бектенов.