Президент Жолдауы — сенімге серпін

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы терең мағыналы, өзекті мәселелер мен оңтайлы шешімдерге толы. Иә, жыл өткен сайын ел басқару ісінде бұрынғы түйткілді мәселелерге жаңа қиындықтар қосылып, мемлекеттің тұрақтылығы мен өркендеуін бірқалыпты ұстап тұру оңай болмай барады. Қазіргі жаһандағы әр жыл өзінің өзгерістерімен, тұрақсыздығымен, оқыс жаңалықтарымен, әртүрлі қиындықтарымен адамзат баласын тығырыққа тіреп жатқандай. Әрине, бұл бізден қол қусырып қарап отыруды емес, Мемлекет басшысы айтқандай, заман талабына сай шұғыл икемделіп, дұрыс бағыт-бағдар табуды талап етеді.

Осы мақсатта Мемлекет басшысы Жолдауда қоғамның әртүрлі саласында орын алған өзекті мәселелерге тоқтала отырып, оларды шешу жолдарын ұсынып, үкімет алдына нақты тапсырмалар қойды.  Соның бірнешеуіне тоқталып өтейін.

Қазіргі кезде азық-түлік тап­шылығы қаупі бар кезеңде отандық азық-түлік өнімдерін арттыруымыз қажет. Негізгі мақсат – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал» деп баса айтты Мемлекет басшысы. Ауыл шаруашылығы саласын дамытып, сол арқылы елімізге қажет өнімдерді жеткілікті түрде өндіре алсақ, көптеген мәселелердің алдын алар едік.

Марат САТАНОВ,

«Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы.