Президент Жолдауы – саяси тұрақтылық кепілі

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент мәжілісінің отырысында еліміздің тұтастай жаңа кезеңге өтуі үшін бірнеше міндеттер қойып, Жолдауда нақты жолдарын айқындады.  Мемлекет басшысының Жолдауында әлеуметтік, саясат және экономикалық мәселелер қозғалды. Мемлекет басшысының осы және өзге де бастамалары, ең бірінші кезекте, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға және экономикамызды әртараптандыруға бағытталған.

2023 жылдың 1 шілдесінен Әлеуметтік кодекс қолданысқа енді. Әлеуметтік кодекстің негізгі мақсаты — халықтың түсінуін жеңілдету үшін осы саладағы қолданыстағы заңнаманың барлық нормаларын бір құжатта шоғырландыру. Әлеуметтік кодекс адамның бүкіл өмірін қамтиды. Адам өмірге келгеннен бастап кәмелетке толғанға дейін әлеуметтік қолдау, еңбекке қабілетті жастағы жұмыспен қамту, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік сақтандыру шаралары, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек, сондай-ақ, қарттыққа жәрдемдесу, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау — осының барлығы бір құжатпен реттелген.

Өңір бойынша кедейлік шегінен төмен тұратын   отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.  507 мүгедектігі бар тұлғалар есепте тұр, оның ішінде 70-і балалар. Мүгедектігі бар тұлғаларды оңалтудың жеке жоспарының орындалуы ағымдағы  жылдың 3 тоқсан қортындысы бойынша 80% құрап отыр. 75 адамға,  оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар мен жалғызбасты қарттар және мүмкіндігі шектеулі 18 жасқа дейінгі балаларға үйде әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға және  атаулы мереке күндеріне бекітілген тұлғалар санатына бір жолғы материалдық  көмектер  көрсетіліп отыр.

Қорыта келгенде, еліміздің әлеуметтік жағдайы ол барлық саяси экономикалық жағдайларға тікелей әсер етеді.  Экономикалық саясаттың жаңа үлгісін жүзеге асыру еліміздің тұрақты, сапалы әрі ұзақ мерзімді экономикалық дамуына негіз болады. Бұл бастамалардың барлығы Әділетті Қазақстан құру ісіне сомды үлес қосатыны сөзсіз.

Анар МОЛДАБАЕВА,

«Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.