Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Қаражал қаласының аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында қаңтар айының 19-28 аралығында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

«Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты – қала аумағында ІІО күштері мен құралдарын, мүдделі мемлекеттік органдарын, Үкіметтік емес ұйымдарын, Әйелдер кеңестерін тарта отырып, криминогендік ахуалды тұрақтандыруға, ауыр және аса ауыр қылмыстардың және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдырмау, ізін суытпай ашу бағытында профилактика жұмыстарын жүргізу.

Сонымен қатар, қала аумағына қарасты әкімшілік аймақта «маскүнем», «нашақор», «қорғау нұсқамасы», «ерекше талаптар», бұрын сотты болған, шартты түрде мерзімінен босатылған адамдарды тексерумен қатар, отбасылық тыныштығын алатындар мен қолайсыз отбасыларды аралап, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Отбасындағы зорлық-зомбылық бұл тұрмыстық мәселе емес, бұл ауыр қылмыс. Заңды бұзған әрбір адам міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Егерде сіз немесе жақындарыңыз қауіпте болса: 102 – полиция қызметіне және 111 – сенім телефонына хабарласа аласыз.

Ұят емес, қорықпаңыз, көмек сұраңыз. Қорғалу – сіздің заңмен бекітілген құқығыңыз.

 Лана КЕНЕСОВА,

Қаражал қаласының полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты.