Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы мен ТМД Атқару комитеті төрағасының орынбасарының кездесуі өтті

2022 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына ТМД-дан байқаушылар Миссиясын ашу аясында ТМД Атқару комитеті Төрағасының — ТМД Атқарушы хатшысының орынбасары Ильхом Нематовпен кездесуі болды.

Кездесуге Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов, сондай-ақ ТМД байқаушылары Миссиясы штабының басшысы Евгений Козяк пен Миссия штабының мүшесі Олег Кулеба қатысты.

Кездесу барысында Нұрлан Әбдіров ТМД-дан байқаушылар Миссиясының ашылуымен құттықтап, сұхбаттасушыларды сайлау науқанына дайындық пен өткізудің негізгі кезеңдерімен таныстырды.

Өз кезегінде, Ильхом Нематов ТМД-дан байқаушылар Миссиясын ТМД Атқару комитетінің төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев басқаратынын хабарлады. Сондай-ақ ол Миссияның қызметі сайлауды ұйымдастыру мен өткізу саласындағы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделе отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкес түрде жүзеге асырылатынын атап өтті.