Облыстық үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Құрылтайға үміткерлер Ақжол Құрмансейіт пен Алмат Жүкебаев белсенді жастармен бірге халық көп шоғырланған орындарда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, Құрылтайға үміткерлердің бастамалары мен ұстанымдары таныстырылды. Сонымен қатар, үгіт-насихат материалдары арнайы белгіленген орындарға ілініп, ақпараттық парақшалар таратылды.