Облыс әкімі Жәйрем кентіне сапары барысында қосымша білім беру орталығына барды

Жәйрем кентінде балаларға ағылшын тілі курсын ұйымдастырып жүрген кәсіпкер Жадыра Дюмбаева қосымша білім беру орталығын кеңейту жоспарымен таныстырды. Кентте 5 жылдан бері қызмет етіп тұрған қосымша білім орталығында бүгінде 60 бала білім алуда. Кент тұрғындары тарапынан сұраныстың артуына байланысты кәсіпкер енді орталықты кеңейткісі келеді. Аймақ басшысынан қосымша ғимарат мәселесін шешуге көмек сұрады. Берік Әбдіғалиұлы мұндай бастамаларды қолдау керектігіне назар аудартып, коммуналдық меншіктегі ғимараттарды білім беру орталықтарына, аула клубтарына ұсыну, гранттық қаржыландыру жөнінде тапсырма берді.