Облыс басшысы Жезқазған қаласындағы жол жөндеу жұмыстарымен танысты

Берік Әбдіғалиұлы Гагарин, Иманжан, Мұқанов көшелеріндегі және Сәтбаев көшесіндегі аула ішілік жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты.
Аталған көшелердегі орташа жөндеуді «MK Group» ЖШС, «Рокада» ЖШС мердігер компаниялары жүзеге асыруда.
Аймақ басшысы қаланы аралау кезінде:
✅ Мердігер компаниялардан жұмысты сапалы атқаруды талап етіп, қаржыландыру бойынша қиындық туындамайтынын жеткізді;
✅ Иманжан мен Мұқанов көшелерінің қиылысындағы «Салауат» асханасы алдындағы аялдаманы жаяу жүргіншілерге де, қоғамдық көліктерге де қолайлы болуы үшін орнын ауыстыру және Иманжан көшесінің мешітке қарама-қарсы бетіне екінші аялдама орнату мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды;
✅ Аулаларды абаттандыру мен орындықтар орнату бойынша ұсыныстар әзірлеуді;
✅ Аула ішілік жолдарға ерекше көңіл бөлуді тапсырды:
❗Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылмайтынына назар аудартты.