Қоғамның дамуы – еңбек адамдарының ерен қажыр-қайратының жемісі

Мемлекет басшысының Жолдауында 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл бастама – қоғамдағы нақты еңбектің, қолөнер мен өндіріс салаларындағы маман иелерінің мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Қоғамның дамуы – тек технология мен инновацияның емес, еңбек адамдарының ерен қажыр-қайратының жемісі. Электрик, дәнекерлеуші, механик, құрылысшы, наубайшы, жүргізуші – осындай кәсіби шеберлер күн сайын халықтың жайлы өмірі мен ел экономикасының ілгерілеуіне үлес қосып келеді.

Жұмысшы мамандықтарға жаңа көзқарас – жастарды еңбекке баулудың, техникалық білімге деген сұранысты арттырудың жолы. Еліміздің өркендеуі – нақты өндіріс пен кәсіби білікті мамандарға тікелей байланысты.

Еңбегімен елге үлгі болған әрбір маманға алғысымыз шексіз!

Шамбулов Марлан Рымбекұлы — Қаражал қалалық мәслихатының депутаты, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі

#ЖұмысшыМамандықтарЖылы

#ҚұрметЕңбекАдамына

#ЕңбекМәртебесі

#Жолдау2025

#ӨндірісКүші