15.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТОблыс әкімі Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесті15.10.2026
Ақпарат ағыны

Үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат құжат тапсырды

14.10.2022 · 10:41 · admin

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кандидатты «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған. Ол — 46 жастағы Бақыт Маратұлы Жаңабаев.

«Осы заманда елімізге жаңа үрдіс келіп жатқан кезде тек үнсіз көрермен болмай, соған қатысуға бел будым. Атақ үшін түсіп жатқаным жоқ. Барлығымыз жұмылсақ, көтермейтін жүк жоқ деп ойлаймын», — деді Бақыт Жаңабаев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Өзінің айтуынша, 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді.

Қазіргі уақытта ҚР Қажы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері.