Металлургтер күні тойланды

Жәйрем халқының асыға күтетін тамаша мейрамдарының бірі — Металлургтер күні. Халқының тоқсан пайызы кен байыту саласында еңбек ететін Жәйремде атаулы мереке барынша жоғары деңгейде тойланады. Биыл да орталық алаңда тамаша энергия мен позитивке толы керемет кеш болып, халық көп жиналып, кәсіби мерекенің куәсі болды.

Салтанатты жиынды Жәйрем кентінің әкімі Қайрат Жансағымов бастап, өндірісшілермен қатар, жалпы жәйремдіктерге жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, кент басшысы ауылымыздың әлеуметтік саласындағы түрлі проблемаларды шешуде көмектерін аямайтын комбинаттың бірқатар мамандарына алғысын жаудырып, «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Басқарма төрағасы Арман Әлиевке өз атынан Алғыс хатын табыстап, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының Құрмет грамотасымен Техникалық күтіп қарау және жөндеу жұмыстары Басқармасының жетекші маманы Диас Қажымұқановты, Күрделі құрылыс бөлімінің жетекші инженері Ғалия Есенберлинаны, Ұлытау обысы әкімінің Алғыс хатымен Теміржол цехының машинисі Ергис Ақтаевты, Жылумен, сумен жабдықтау цехының электрослесарі Қожағұл Құлсұмақовты марапаттады. Аталған төрт марапатталушы да ақшалай сыйақыға ие болды.
Келесі кезекте сөз алған «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Басқарма төрағасы Арман Әлиев пен Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мүбәрак Кәрібаев металлургтерді төл мерекелерімен құттықтап, ортаға өндіріс озаттарын шақырып, марапаттау рәсімін бастады. Халықтың асыға күтетін сәті де осы. Себебі, қиын да күрделі өндірістегі шамамен 2000 жұмыскердің арасынан ең үздіктері дәл бүгін суырылып ортаға шығады.
Металлург кәсібі қайратты, табанды және өзіне сенімді жандардың кәсібі және осы саладағы жетістіктер ең алдымен нақты адамдардың жетістігі, олардың адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберліктері. Жәйремдік металлургтердің бойында осы қасиеттердің барлығы табылады. Дегенмен, жүзден жүйрік, мыңнан мықтыларды анықтау дәл осы күннің еншісінде. Ортаға салалық ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісіне лайықты деген өндірісшілер шықты. Олар: Полиметалл байыту фабрикасының ұсақтаушысы Бәкірбек Әбілхасов, «Жәйрем» кенішінің бұрғылау қондырғысының машинисі Асқар Жазыбеков, Энергия цехының электрмонтеры Мәдина Альмолдина.
Төсбелгі иегерлерінен кейін «Казцинк» компаниясының бас директоры Александр Хмелевтың Құрмет грамотасымен Энегрия цехының электромонтеры Дәулет Айкишев, Жобалық-конструкторлық бөлімнің бастығы Қайрат Ибраев, Техникалық бақылау бөлімінің бақылаушысы Тамара Зайнагабдинова, Техникалық күтіп қарау және жөндеу жұмыстары Басқармасының слесарі Жанбота Төлеубаев, Полиметалл байыту фабрикасының конвейер машинисі Орынтай Иманберлина, Аналитикалық зертхана зертханашысы Гүлмира Алашбаева, Басқарманың инженер-геологы Жаңыл Рахымберлина, «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Басқарма төрағасы Арман Әлиевтің Құрмет грамотасымен «Жәйрем» кенішінің экскаватор машинисі Дархан Иманбеков, Басқарманың жетекші экономисі Сәкен Әлиев, Жылумен, сумен жабдықтау цехының қазандық машинисі Мәжин Елеусізов, Аналитикалық зертхана зертханашысы Паризат Қадырова, Полиметалл байыту фабрикасының сепараторшысы Біржан Сәтбергенов, Теміржол цехының дәнекерлеушісі Галимулла Сунагатуллин, Көліктер цехының жүргізушісі Иген Ақшабаев, «Казцинк» ЖШС Әкімшілік сұрақтар бойынша атқарушы директоры Андрей Лазаревтің Құрмет грамотасымен Қызметкерлер құрамын оқыту және дамыту бөлімінің бастығы Мәдина Ахатова марапатталып, ақшалай сыйлық иеленді.
Келесі кезекте «Казцинк» ЖШС Жергілікті Кәсіподақ ұйымының «Күміс белгісімен» Техникалық күтіп қарау және жөндеу жұмыстары Басқармасының механигі Дархан Кәрібаев пен Энергия цехының аға техникалық инспекторы Ернұр Қанатов марапатталса, «Казцинк» ЖШС Жергілікті кәсіподақ ұйымы төрағасы Бердібек Қызыкеевтің Құрмет Грамотасымен Энергия цехының энергия диспетчері Гүлнұр Ақшабаева, «Жәйрем» кенішінің тау-кен көліктерінің жүргізушісі Еркебұлан Шәкенов, Техникалық бақылау бөлімінің басшысы Қаламсия Бейсембаева, Көліктер цехының автокөлік жүргізушісі Рахат Ханафин, Полиметалл байыту фабрикасының шанаптаушысы Жасқанат Әбдібаев, «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Бастауыш Кәсіподақ ұйымы төрағасы Мүбәрак Кәрібаевтың Құрмет грамотасымен Энергия цехының электромонтеры Валентина Мартынова, Техникалық бақылау бөлімінің бақылаушысы Мирас Қуандықов, «Жәйрем» кенішінің автогрейдер машинисі Жамбыл Шотанов, сонымен қатар, 2022 жылдың нәтижесі бойынша, «Казцинк» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Ең үздік техникалық инспекторы» номинациясымен және 3 орташа айлық көлеміндегі сыйақымен Техникалық инспектор, Энергия цехының электрслесарі Темірлан Мұздыбаев марапатталды.
«Amanat» партиясының Қаражал қалалық филилалы төрағасының Алғыс хатын Әлеуметтік қолдау бөлімінің маманы Найля Татлыева иеленді.
Осы кәсіби мереке қарсаңында Бастауыш кәсіподақ ұйымы Қызметкерлер құрамымен жұмыс атқару қызметі мен қызметкерлер құрамын оқыту және дамыту бөлімімен бірлесе «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ бөлімшелері арасында кәсіби шеберліктен өткізген болатын. Сол сайыстың нәтижесі бойынша жүлделі орын алған бірнеше кәсіби шеберлер кәсіби мерекеде сахна төріне шығарылып, өз марапаттарын алды.
Аумақтарында жарыстар өткізілген 5 цехтың ішінде конкурстық комиссия мүшелері Жәйрем кенішінің дайындығын ерекше атап өтті, осыған бай­ланысты кеніш бастығы Мар­ғұлан Тоқымбаев байқауды үздік ұйымдастырғаны үшін марапатталса, «Ең жас қатысушы» номинациясын Нурридин Зейнулгабденов және «Ең жасы үлкен қатысушы» номинациясын Жәнібек Айткұлов алды.
Адал және мүлтіксіз еңбектері үшін келесі өндірісшілер бағалы сыйлық сертификаттарымен марапатталды: Аналитикалық зертхана зертханашысы Қаракөз Тұңғышбаева, Теміржол цехының тепловоз машинисі Ғалым Жұмадильдин, Теміржол цехының жүктерді қабылдап, өткізуші маманы Қолпан Кулова, Ғимараттар, қонақүй және жатақхана кешенінің тігіншісі Марина Налимова, Техникалық бақылау бөлімінің өнімдерді бақылаушысы Айгүл Истаева, Техникалық бақылау бөлімінің өнімдерді бақылаушысы Айдана Әбілдина, Полиметалл байыту фабрикасының инженері Юрий Рагулин, Полиметалл байыту фабрикасының бас механигінің орынбасары Александр Горобец, диірмен машинисі Қамбар Талдыбеков, реагенттер ерітушісі Әсет Ахатов, конвейер машинисі Рабиға Баянова, диірменші Киікбай Тәжкеев, «Жәйрем» кенішінің үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері Сүйіндік Иманбеков, Азамат Ховдабай, Ержан Туребаев, дәнекерлеуші Ержан Тынысов, Жанармай құю станциясының операторы Айтбала Қайыржанова, Көліктер цехының жүргізушілері Сұлтанғали Құмарбеков, Кәкім Досов, Нұрбек Жантілеуов, Кедендік рәсімдеу бөлімінің маманы Жібек Бектасова, Өндірістік-диспетчерлік қызметтің бастығы Ерлан Жамбеков, Техникалық қызметті жинақтау бойынша маман Біржан Кенжекеев, Заң бөлімінің бас маманы Қанат Дәулетов, Жәйрем Полиметалдары жобалық тобының маманы Ақбота Төлеуова, Өндірісті және байланысты автоматтау Басқармасының инженері Нұржан Кенжебаев, автокөліктерді жөндеу бойынша слесарь Жансерік Татиев, дөңгелектерді құрастырушы Илья Ольшанников, слесарь-сантехник Бауыржан Әлжанов, қазандық машинисі Алдажар Дәметкен, электрослесарьлар Медет Самодьянов, Өмірғали Бигалиев, слесарь Дәулетбек Балтас.
Қаншама жұмыскердің мерейін үстем қылған марапаттау салтанатынан кейін сахна төріне қазақстандық эстрада жұлдыздары Әміре және Аргоня, Ақтоты Болышева және өзіміздің жерлесіміз, Игілік Омаровтың немересі Гүлзар Ғабдрахман шығып ән шырқаса, жылда қонағымыз болатын «Вдохновение» би ансамблі билерімен жәйремдіктерді тән­ті етті.
Қазақстан өзіндік бай минералды шикізат базасына ие. Қазақстанның негізгі тау-кен металлургиялық компанияларының бірі құрамында өндіру, байыту және металлургиялық өңдеу бойынша кәсіпорындары бар бірыңғай өндірістік-шаруашылық кешені, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында, Көкшетау қаласында және Ұлытау облысында дамыған инфрақұрылымы бар «Казцинк» компаниясы болып табылады. Аталған компанияның құрамына кіретін Жәйрем кен байыту комбинаты қазіргі таңда нарықта өзіндік орны бар кәсіпорын.
Дүбірлі мерекенің қауіпсіз және өте жоғары деңгейде өтуіне барынша көңіл бөлген комбинаттың әлеуметтік қолдау бөлімінің бастығы Ақтоты Жазыбекова әрбір кішкене дүниенің өзін жандандыра, жылына бір рет келетін мерекені жарқырата көрсетіп, халықтың көңілінен шығатын керемет той өткізді. Мерекеге келген барлық балаларға «Казцинк» компаниясының логотипі жабыстырылған шарлар мен жалаушалар, блокноттар мен қаламсаптар тегін таратылса, нағыз Металлургтер күні, яғни, шілденің үшінші жексенбісі күні ауысымда болған барлық жұмыскерлерге тәтті торттар үлестірілді. Мерекенің қауіпсіздігіне қатты ден қойған Қаражал қалалық және Жәйрем кентінің ІІБ, комбинаттың мердігер ұйымы «Қасқыр» ЖШС күзет қызметінің жасақшылары тартылып, елдің қауіпсіздігіне 50 қызметкер жауапты болды. Ел болып, халық болып бірнеше күн асыға күтіп, дүркірете тойлаған атаулы мереке тойланған алаңды мерекеге дейін және мерекеден кейін тазалап, жинастырған Жәйрем кенті әкімшілігінің Еңбек биржасының жұмыскерлеріне, мердігер Жандос Бейсембековке және «ТехЭкспертСервис» ЖШС жұмыскерлеріне үлкен алғыс айтамыз.
«Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ төл мерекелерінде өздерінің зейнеткерлерін де ұмыт қалдырмай, талай жыл өндірісті тізгіндеп, қазіргі таңда бейнеттерінің зейнетін көріп, өмірлерін немере мен шөбере тәрбиесіне арнап отырған 350 адамға мерекелік азық-түлік жиынтықтарын тарту етті.
Міне, жәйремдіктердің Қасиетті Айт мейрамынан, Ұлы Наурыз мейрамынан, Жаңа жылдан кейінгі асыға күтетін мерекелері Металлургтер күні осылайша тойланды.
Мереке құтты болсын, жәйремдіктер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!

Гауһар Наурызбаева,
«Жәйрем кен байыту комбинаты» ЖШС
Бастауыш кәсіподақ
ұйымы төрағасының орынбасары.