Қала тұрғындарын «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауына қатысуға шақырамыз.
Байқауға еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік және ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар қатыса алады.
📌 Байқауға төмендегі отбасылар қатыса алмайды:
▪️ мүшелері Қазақстан Республикасы аумағында қызметіне тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) отбасылар;
▪️ бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар.
📂 Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1️⃣ Ата-аналардың (қамқоршылардың, қорғаншылардың) жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2️⃣ Қабылдаушы (қамқорлықтағы) отбасылар үшін – кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы жергілікті уәкілетті орган шешімінен үзінді көшірме;
3️⃣ Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болған жағдайда);
4️⃣ Ата-ананың біреуі қайтыс болған жағдайда – қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
5️⃣ Балаларды тәрбиелеудегі жетістіктері мен өзге де марапаттарды растайтын құжаттардың көшірмелері;
6️⃣ Балалардың, ата-аналардың (қамқоршылардың, қорғаншылардың) жұмыс немесе оқу орнынан анықтамалар мен мінездемелер;
7️⃣ Ұсыным хаттар (әріптестерден, көршілерден, достардан);
8️⃣ Отбасы мүшелерінің жоғары еңбек, спорттық, шығармашылық, зияткерлік және ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері.
📅 Құжаттар 2026 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қабылданады.
📍 Құжаттарды қабылдау орны:
Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Мекенжайы: Абай көшесі, 10.
📞 Байланыс телефоны: 7 707 702 7097
