Ана тілі – қай ұлтта болса да құдыретті дүние. Өйткені, ана тілі әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге бойына сіңеді. Тіл – халықпен бірге өмір сүреді, дамиды, сондықтан да, әр ұлттың тілі – оның ұлттық қазынасы дейміз.
Ана тілінің байлығы – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес байлық – ана тілі десек, сол тілімізді шұбарламай көзіміздің қарашығындай сақтау әр азаматтың міндеті.
Өйткені, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп атап көрсетті. Яғни, тіліміз жоғалса қазақ деген атау да құриды.
Бір сөзбен айтқанда, кез келген адам өзінің ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, оның қолданыс аясын кеңейтуге мән бергені жөн.
Осы орайда айта кетерлік бір жайт, қазір әлеуметтік желіде пікір білдірушілерге сауатты жазу мәселесіне баса көңіл бөлген жөн. Өз ана тіліңде сауатты сөйлеп, сауатты жазу – әр отандасымыздың міндеті.
Эльмира ЖАМАУОВА,
Қаражал қалалық сотының бас маманы.