Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауында елімізді дамыту мақсатында бірқатар тапсырмалар берілген болатын.
Соның ішінде медицина мен білім саласына ерекше көңіл бөлінді.
Елімізде білікті медицина мамандарының тапшылығы әлі де өзекті мәселе. Бұл мәселені шешу үшін, ең алдымен, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттырған жөн. Соның ішінде грант құнын білім беру үдерістерінің деңгейіне қарай саралау арқылы белгілеп, тиімді тарату қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, білім саласында еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажеттігін, бүгінгі таңда үкімет әкімдермен бірге оны қаржыландыру көздерін анықтап, соның ішінде демеушілерден де қаражат тартып, 3 жыл ішінде бұл мектептерді толық жаңартуға тапсырыс берді.
Мемлекет басшысының берген тапсырмалары – «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы маңызды шешімдер. Бұл тапсырмаларды іске асыруда әрбір қазақстандық ат салысу керек. Елдің дамуы мен өркендеуі күллі халық болып біріксек, еліміздің болашағы жарқын болары анық.
Бөлім басшысы А.Бургокова.