Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары
Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы күндізгі оқыту түрі бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен өткізілген ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ). Немесе кешенді тестілеу (КТ) қортындылары сертификаттарының балдарына сәйкес жүргізіледі.
ҰБТ тапсыру үшін пəндер тізімі: | Білім беру бағдарламалары |
1.Математикалық сауаттылық | 6В12302-Өрт қауіпсіздігі |
2.Оқу | 6В12191- Азаматтық қорғаныс күштерінің командалық тактикалық |
3.Қазақстан тарихы | |
Бейінді пəндер | |
4.Математика | |
5.Физика |
Азаматтарды күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде: қабылдау комиссиясы талапкерлердің жеке істерімен танысып, содан кейін ҰБТ және КТ нәтижесі бойынша іріктеу жүргізіледі.
Екінші кезеңде: медициналық және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Үшінші кезеңде: талапкерлерді бекітілген нормативтерге сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады (бағанада тартылу, 100 м жүгіру, 3000 м жүгіру).
Төртінші кезеңде: қабылдау комиссиясы курсанттар қатарына қабылдайды.
Институтқа оқуға қабылдау медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткішктері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ұлттық біріңғай және кешенді тестілеу қорытындылары бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурс бойынша жүргізіледі.
Курсанттар қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде басым құқыққа мыналар ие:
- «Алтын белгі» белгісімен марапатталған тұлғалар;
- Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар тұлғалар;
- Жеңімпаздар.
— жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші, және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған);
— республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталған) соңғы үш жылғы жеңімпаздары;
— ҰБТ немесе КТ сертификаттары балдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда оқуға қабылдауға басым құқыққа ие;
— жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан қалған балалар;
— үздік білімі туралы құжаттары (аттестаттары, куәліктері, дипломдары) бар тұлғалар.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қайтыс болған немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары оқуға түсетін талаптар бойынша белгіленген шектеу балын алған жағдайда институтқа сайыстан тыс қабылданады.
Институтқа түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекен-жайы бойынша Қаражал қаласы Төтенше жағдайлар бөліміне өтініш (ерікті түрінде) береді.
Қаражал қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі.