15.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТОблыс әкімі Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесті15.10.2026
Ақпарат ағыны

Мамандар әрқашан құрметке лайық

18.04.2025 · 18:22 · admin

2 қыркүйек 2024 жылы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.

Президенттің айтуынша, осы жыл барысында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін кеңейтіп, жаңғырту арқылы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастарды еңбекқорлыққа тәрбиелеу және еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау міндеті тұр.

Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен мамандар әрқашан құрметке лайық. 2025 жыл – біздің елдің өндірістік әлеуетін нығайтып, әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдететін кезең болмақ.