Маңызды шешім

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атом электр стансасын (АЭС) салу мәселесіне қатысты референдум өткізу туралы шешімі – Қазақстан үшін маңызды әрі жауапты қадам болып табылады. Бұл шешім мемлекетіміздің стратегиялық мәселелерді ашықтықпен және халықтың пікірін ескеріп шешу бағытын айқындайды.

Президенттің айтуынша, жа­һандық энергия тапшылығы және экологиялық таза қуат көздеріне деген қажеттілік еліміз үшін атом энергетикасын дамыту қажеттігін көрсетеді. Атом электр стансалары Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономикалық өсуіне үлес қосуы мүмкін. Сондықтан, бұл сала да алға қарай қозғалу маңызды деп есептеледі.

АЭС құрылысы бойынша референдум өткізу халықты шешім қабылдау процесіне тарту және азаматтардың пікірін ескерудің белгісі болып табылады. Бұл қадам қоғамдық диалогты дамытуға, халықтың белсенділігін арттыруға және маңызды шешімдер қабылдау кезінде олардың пікірлерін ескеруге мүмкіндік береді.

Президенттің стратегиялық жос­парларды қоғаммен кеңінен талқылау қажеттігі туралы пікірі стратегиялық шешімдерді қабылдаудың жаңа үлгісін қалыптастыруды көрсетеді. Референдум арқылы азаматтар өз пікірлерін білдіруге және барлық аспектілерді ескеруге мүмкіндік алады. Бұл қадам «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» принципінің көрінісі ретінде қабылданады.

Жалпы, референдум өткізу Қа­зақстанның демократиялық да­му жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл шешім халықтың пікірін ескере отырып, стратегиялық мә­се­­лелерді ашық талқылауға мүм­кіндік береді және елдің болашағын анықтайтын ма­ңызды шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін ұсынады.

Мөлдір САТЖАНОВА,

«Жәйремнің дамуы» Корпоративтік

Қоры Спорт Федерациясының басшысы.