14.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТМемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды  12.10.2026
Ақпарат ағыны

Ұлытауда референдум мәселесі талқыланған дөңгелек үстел өтті

28.02.2026 · 14:56 · admin

Музей ғимаратында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбековтың қатысуымен референдум тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Жиынға өңірдегі саяси партиялардың жетекшілері, Ардагерлер кеңесінің өкілдері және қоғам белсенділері қатысты. Кездесу барысында партия басшылары баяндама жасап, референдум аясында жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижесін таныстырды. Сондай-ақ өткізілген кездесулердің саны мен қамтылған тұрғындар туралы нақты деректер ұсынылды.

Іс-шара соңында аймақ басшысы қатысушыларды Алғыс айту күнімен құттықтап, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы ортақ жұмыстың маңызын атап өтті