Ұлытау облысы аумағындағы «Қызылорда–Жезқазған» автожолының 216–424 шақырым аралығында қайта жаңарту жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.
Қазіргі уақытта нысанда 4 мердігер мекеме толық жұмылдырылып, құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес атқарылуда.
Атап айтқанда, жол бойында топырақ төсеу, құм-қиыршық тас қоспасын (ПГС) салу, жол негізінің төменгі және үстіңгі қабаттарын төсеу, асфальт-бетон жамылғысының төменгі қабатын салу, су өткізгіш құбырларын орнату, сондай-ақ көпірлердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, нысандағы жұмыстар белгіленген кестеге сай орындалып, жол құрылысының сапасы мен мерзіміне ерекше көңіл бөлінуде.
