Ұлытау облысында Халықаралық әйелдер күніне орай 165 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді

 Атап айтар болсақ, биыл 8 Наурыз мерекесіне орай «Алтын алқа», «Күміс алқа», бұрын «Батыр ана» атағын алған және төрт одан да көп балалары бар аналарға 20 мың теңгеден бір реттік әлеуметтік төлем беріледі.
Облыс бойынша жалпы саны 8247 анаға (Жезқазған-2666, Сәтбаев-2200, Қаражал-705, Жаңаарқа-2034, Ұлытау-642) биыл наурыз айының 5,6 жұлдызында әлеуметтік төлем жеке есепшоттары арқылы жіберіледі.