Ұлытау облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды  

Алмаз Серікболұлы Ыдырысов 1983 жылы дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі.

Еңбек жолын «Ремстрой сервис-АС» ЖШС-нің жол жұмысшысы болып бастаған.

2005-2006 жылдары «Қазақавтожол» РМК техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманыболған.

2006-2014 жылдар аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде бас маман, бас сарапшы және басшылық қызметтерін атқарған.

2014-2016 жылдары «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасарыболды.

2016-2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Әкімшілік жұмыс департаментінің директоры.

2017-2019 жылдары ҚР Инвестиция және  даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері  комитеті төрағасының орынбасары — Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.

2019-2022 жылдар аралығында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары, комитет төрағасы қызметтерін атқарған.
2022-2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі болды.

2023 жылдан бастап, осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.