Ұлттық мерекемізбен шын жүректен құтттықтаймын

2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазан –Республика күнін қайтаруды ұсынып, оған «ұлттық мейрам» мәртебесін берген болатын.

Қайта жаңғырған Республика күні — бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам,- деген болатын Мемлекет басшысы.

Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, Республика күні – елдегі ұлттық мейрам.

Республика күні – Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы маңызды белесі. Бұл күні еліміздің саяси жүйесі мен мемлекеттік құрылымының негіздері қаланып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары ресми түрде танылды. Республика күні – ұлттық бірліктің, патриотизмнің және елдің келешегіне деген сенімнің символы. Сондықтан бұл мереке әрбір Қазақстан азаматы үшін үлкен маңызға ие, еліміздің өткенін, бүгінін және болашағын біріктіретін қуатты рухани күш.

Республика күні – еліміздің басты және жалғыз ұлттық мерекесі. Ұлттық мереке деп – тарихи маңызы жоғары, Қазақстанның мемлекеттігіне ерекше ықпал еткен оқиғаларды атаймыз. Ең әуелі біз өткенімізді еске алып, болашағымызды бағдарлаймыз.

Қалалық мәслихат, мәслихат депутаттары атынан барша жерлестерімізді Ұлттық мерекемізбен шын жүректен құтттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Алдыға қойған мақсаттарымызға жете берейік.

Қаражал қалалық мәслихат депутаты, Жәйрем кентінің ақсақалдар алқасының төрағасы – Марлан Рымбекұлы Шамбулов.