Еліміздің тұрақты дамуы – әрбір өңірдің өркендеуімен, әрбір елді мекеннің өсіп-өркендеуімен тығыз байланысты. Ұлттық дамудың жаңа көкжиектері – бұл экономиканың нығаюы ғана емес, халықтың өмір сүру сапасының артуы, заманауи инфрақұрылымның қалыптасуы, цифрлық технологиялардың кеңінен қолданылуы және азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы.
Бүгінде өңірлерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жетілдіру, абаттандыру жұмыстарын жүргізу, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.
Жәйрем кентінде де осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Кенттің келбетін жақсарту, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру, әлеуметтік нысандардың жай-күйін жақсарту, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – біздің басты міндетіміз. Әрбір бастама тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Қазіргі таңда еңбек өнімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, жастардың әлеуетін дамыту және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу ерекше маңызға ие. Белсенді азаматтық ұстаным, жауапкершілік пен бірлік – қоғамның тұрақты дамуының басты кепілі. Осы құндылықтарды басшылыққа ала отырып, кентіміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғаса береді.
Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау да ортақ міндетіміз болып табылады. Таза әрі көрікті елді мекен – тұрғындардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болатын маңызды құндылық.
Ұлттық дамудың жаңа көкжиектері – бұл тек мемлекеттік бағдарламалар ғана емес, әрбір азаматтың өз туған жерінің өркендеуіне қосқан нақты үлесі. Сондықтан, Жәйрем кентінің дамуы жолында тұрғындардың бастамашылдығы мен белсенділігі ерекше рөл атқарады.
Қайрат ЖАНСАҒЫМОВ,
Жәйрем кентінің әкімі.

