Өлкенің гүл жайнаған балғындары

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Жәйрем кентінде ерекше тойланады. Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы және аспаны ашық, бейбіт өмір, қызыққа, шаттыққа толы айнала.

Бұл мереке баршамызға балаларымызды қорғаудың, олардың қауіпсіздікте болуының, амандығының маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Бұл күні олардың қажеттіліктеріне, құқықтары мен көңіл-күйіне ерекше назар аударылады. Балалардың қауіпсіз әрі сүйіспеншілікке толы ортада тәрбие алып, дамуына қолайлы ахуал құру үшін біз жауаптымыз.
Сондай жауаптылықты ойлай келе, жәйремдік кішкентай бөбектердің мерекелеріне орай Жәйрем кенті әкімі аппаратының, Жәйрем кенті мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен «Өлкенің гүл жайнаған балғындары» атты керемет мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік шараны Жәйрем кенті әкімінің орынбасары Бектемір Темірбай өзінің құттықтау сөзімен ашып, кішкентай балдырғандарға бар ақ тілегін жаудырды.
Әрі қарай, дәстүрлі XVI «Айналайын» фестивалінің Гала-концерті бастау алып, жәйремдік балақайлар вокал, хореография жанры, қолөнер, аспапта ойнау, сән үлгісі, көркем сөз жанры, асфальтқа сурет салу, қағазға сурет салу бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Бұл фестивальдің басты мақсаты – 3 жас пен 14 жас аралығындағы бүлдіршіндердің, балалардың шығармашылық қабілетін арттыру, көркемдік талғамын дамыту, баланы рухани-ұлттық тұрғыда тәрбиелеу және дарынды, талантты балаларды анықтау.
Вокал жанры бойынша ерекше көзге түскен Айзере Мұрат, Амина Сүйіндікова, Альтаир Мусаков, Әлима, Әлифа Аймергендер, Аружан Қайрулла, Айзере Танаш, Фатима Мұхтар, Айдай Мұрат, Уәзипа Нұғыманова, Малика Мұхтаржан, Таңшуақ Хизатхан, Кәусар Жағыппар, Айзере Сәттібай, Жібек Жұмабай, Дилия Махат, Аяулым Жанұзақова, Дария Бақтыбай, Жанель Такирова және Анисия Какенова сынды жас өнерпаздар тамылжыта салған әсем әндерімен, ерекше көзге түсіп, көреремендер көзайымына айналды.
Хордан Раяна Иген, Адина Бейбітшілік, Адина Қали, Нұрислам Ержанұлы, Әлихан Мейіржан, Мансұр Омархан, Алима Нұрболат, Айназым Шалхарбек, Балауса Охан, Айжұлдыз Дәулетбек топ жарып, Жәйрем көгін әнмен әуелетті.
Ән салған бүлдіршіндер артынан төгілте билеген көркем билерімен үнемі көзге түсіп жүретін «Нұр» би ансамблінің кіші, ортаңғы және ересек топтары шығып мерекелік жиынның көркін жарқырата түсті.
Өз кезектерінде керемет өнерлерімен халықты баурсап алған «Балдырған», «Ерке», «Жұлдыз», «BIIAZY» би ансамбльдері өздерінің болашақтарынан мол үміт берді.
Асфальтқа, қағазға сурет салудан бір-бірінен асып түсіп жатқан балақайларға ата-аналары жанкүйер болып, аптап ыстықта барлығы бір асфальтты ермек қылды. Өте көтеріңкі көңіл-күймен жүрген балаларға толы орталық алаңда сән үлгісін көрсетуден болған байқауда Айнамкөз Жандос, Көзайым Жандос, Айлана Аманжанқызы, Айлин Аманжанқызы, Айшолпан Бекайдарова, Айзере Хуан, Әдия Ғалымжанқызы, Батыр Жарула, Ақмаржан Төрегелді, Амина Ганиева, Олжас Сүлейменов, Аяла Ербұлан сынды бүлдіршіндердің сән үлгілері көздің жауын алып, көрермендерді таң қалдырды.
Көркемсөз оқудан ерекше көзге түскен Самат Төлеш, Айсұлтан Төлеш, Малика, Гауһар, Айдай, Балауса Охандар, Асия Вайдулла, Арай Мұратхан, Аяулым Игілік, Нұрайым Игілік сынды балақайларға жиналған жұрт риза болысты.
Аспапта ойнауда Ажар Еділхан, Нұрғали Нұрболат, Аянат Әбдікәрім, Айша Түскенова, Жансу Жәнібекқызы, Амира Сатикенова, Арафат Шаймұрат ерекшеленді.
Қолөнерлерін көрермендерге паш етіп, керемет бағаларын алған үздік қолөнерші балалар – Айжұлдыз Әбдуали, Әсем Құдайбергенова, Мансұр Жанғазы, Жан-Еркебұлан Андасов, Ақниет Жәрдембекқызы, Таңерке, Күнсұлу Әкімдер, Шұғыла Аманкелді, Айханым Бауыржан, Әміре Базар, Кәусар, Ақниет Жұмағазылар, Арсен Кәрібаев, Раяна Уксукбаева, Шахназар Қанатбеков, Ерсайын Оразбай, Ардан Тайтулеуов, Күнару Айбекқызы болды.
Бүгін «Айналайын» фестивалі он алтыншы рет өткізіліп отыр. Осы фестивальдің Гала-концертіне өткен бүлдіршіндердің барлығы жүйріктердің жүйрігі, өнерлінің өнерлісі. Кішкентай өнерпаздардың барлығына бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Ән мен күйге бөленген орталық алаңда балаларға арналған тәттілер, ойыншықтар сатылып жатса, «Казцинк» компаниясы тарапынан балмұздақтар тегін таратылды. Әдемі костюмдарымен шыққан ертегі кейіпкерлері орталық алаңның көркін аша түсті.
Жәйремдіктерге ұмтылмастай тамаша әндері мен билерін сыйлаған «Айналайын» фестиваліне қатысушы жас өнерпаздарға шығармашылық табыс тілейміз.
Балаларымыз бақытты болсын, аспанымыз ашық болсын, Отанымыз көркейіп, Жәйреміміз гүлдене берсін!
Аналар мен балалардың қабағын ешқашан мұң шалмасын!

Теректі ШАҒАТАЙ.