Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай жергілікті әр салада еңбек ететін үлгілі, озат нәзік жандар салтанатты түрде марапатталды.
Гүлге де теңелген, күнге де теңелген, әлемнің жарығын сыйлаған асыл жандарды жергілікті өнерпаздар кіре берістен шоқ-шоқ гүлдермен қарсы алды.
Мерекелік іс-шараны кент әкімі Қайрат Жансағымов құттықтау сөзімен ашып, «Жәйрем кенті ауруханасы» КМҚК мейірбикелері Нұргүл Искаковаға, Әсел Жалғожинаға, «Жәйрем кенті ауруханасы» КМҚК шаруашылық жөніндегі меңгерушісі Рахила Ахметоваға «Денсаулық сақтау ісіндегі еңбегі үшін төсбелгісі, Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының Құрмет грамотасы жергілікті аурухана дәрігері Бахтияр Хамелге, Қаражал қаласы әкімінің Құрмет грамотасы «Жәйрем кенті ауруханасы» КМҚК мейірбикесі Сәуле Утугуловаға берілді.
Келесі кезекте Қаражал қаласы әкімінің Алғыс хатымен Айдана Күзенбай, Гүлмира Алина, Наталья Булькембаева, Жәйрем кенті әкімінің мадақтамасымен № 10 ЖББМ химия пәнінің мұғалімі Айнұр Нияз, № 30 ЖББМ көркемдік еңбек пәнінің мұғалімі Әйгерім Жүнісова, № 30 ЖББМ техникалық қызметкері Бақыткүл Ескендірова, «Жәйрем кенті ауруханасы» КМҚК мейірбикесі Айдана Садықова, «Жәйрем кенті мәдени-сауық орталығы» КМҚК бас есепшісі Бота Жексембаева, «Жәйрем спорт клубы» Қоғамдық бірлестік хореографы Нұрайна Жүсіпбекова марапатталып, Жәйрем кенті әкімінің Алғыс хатын Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем Болашақ» ШЖҚ КМК кассирі Жұмакүл Алина, Жәйрем кенті әкімі аппаратының «Жәйрем Болашақ» ШЖҚ КМК бақылаушысы Ақтоты Искакова, «Балдырған» бөбекжайы КМҚК-ның тәрбиешілері Гүлнара Көпбаева, Маржан Авдирайқызы, № 10 ЖББМ техникалық қызметкері Сұлушаш Камел, «Жәйрем кенті ауруханасы» КМҚК мейірбикесі Анна Некрасова, «Ажар» бөбекжайы ЖК тәрбиешілері Ахмарал Ардах, Гүлден Бәдіғұлова, «Жәйрем кенті мәдени-сауық орталығы» КМҚК шаруашылық қызметкері Сайран Хайсар, «Жәйрем» спорт клубы» Қоғамдық бірлестігінің әдіскері Аида Кабезова иеленді.
Атқарған еңбектеріне қарай бағаланып, марапатталған асыл жандарға арналып «Гүлдер» хореографиялық ансамблінің, мәдени-сауық орталығы өнерпаздарының керемет мерекелік ән-жырларынан шашу шашылды.
Сонымен қатар, кент әкімі Қайрат Жансағымов атаулы мереке күні кентіміздегі “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иегерлерін, қазыналы қарияларды, жергілікті мекемелердің басшы аруларын арнайы ақ дастарқан басында қабылдап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.