Кітапханалар жүйесінде – жаңа директор

Қаражал қаласының «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ директоры лауазымына 2022 жылғы 19 қыркүйектен бастап Тілеухор Жанжұманқызы БАЙШУКЕНОВА тағайындалды.

Екі жоғары білімі бар. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін әлеуметтану және Қарағанды «Болашақ» академиясын мәдени-сауық жұмыстары мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Жоғары және кәсіби білім беру, сондай-ақ, мәдениет салаларында қызмет атқарып, тәжірибе жинақтаған.

Жаңа тағайындауға дейін Қаражал тау-кен техникалық колледжі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде болды.