Әкім шаһарды аралады

Жаңа жылдың алғашқы айын да орталап тастадық. Алда атқарылатын жұмыстар ауқымды. Әсіресе, қаланы дамытудың перспективалық жоспарларын жасау кезек күттірмес іс.

Осы мақсатта қала әкімі Айқын Елеусізов қаланы аралып, бірқатар нысандардың жай-күйімен танысты. Әкім жұмыс жоспарына сәйкес 25 орам мен Тойымбеков 1 мекенжайындағы көп пәтерлі тұрғын үйлерді (КТК) аралады. Қаланы дамытудың перспективалық жоспарын жасау үшін жертөлелердің жай-күйін және үйлердің сыртқы келбетін қарап шықты.

Орайы келгенде айта кетейік, өткен жылдың қараша айында 25 орамдағы 22 үй жертөлесінен 100 текше метр кәріз сорылды, мұндағы кәріз желілерінің құбырлары қалпына келтірілді және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Қала әкімі өзінің жұмыс сапары барысында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан «Горняк» стадионында болды. Шаһар басшысы нысанның құрылысын, ондағы жұмыстарды қарап, әкімшілік ғимараттың құрылыс барысын тексерді. Қазіргі уақытта мұнда қазандық жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде.