Қала әкімі Айқын Елеусізовтың қатысуымен Қаражал қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы Зәмзагүл Оспанова жүргізген сессияға қалалық мәслихат депутаттары, Жәйрем және Шалғы кенттерінің әкімдері, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №96 «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №129 «2024-2026 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, сәйкес 2024 жылға арналған қала бюджетінің жобасы нақтыланады.
Жүргізілген іс-шараларға сәйкес жалпы Қаражал қаласының бюджетінің кірістер бөлігінде нысаналы трансферттер – 164 105 мың теңгеге азайтылады, шығындар көлемі 466 895 мың теңгеге ұлғайтылады, оның ішінде: 2023 жылдан қалған бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтарымен 631000 мың теңгеге ұлғайтылады және облыстық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттермен 164 105 мың теңгемен азайтылады (Жәйрем кентіңде бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобасы – 300000 мың теңгеге азайтылады, нысанның құрылысы «ҚАЗЦИНК» ЖШС арасындағы меморандум аясында салынатын болады және Қаражал қаласында көліктерге арналған тұрағы бар гараж құрылысын салу (өрт сөндіру депосы) – 55 509 мың теңге, Жәйрем кентінде көліктерге арналған тұрағы бар гараж құрылысын салу (өрт сөндіру депосы) – 80386 мың теңгеге ұлғайтылады).
Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі – 439533 мың теңгеге ұлғайтылды (Қаражал қаласы мен Жәйрем кенті бойынша 2024 жылға халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алу үшін – 282000 мың теңге, Қаражал-Қылыш жолының 13 шақырымын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге — 157533 мың теңге);
Қаражал қаласының құрылыс бөлімі — 191416 мың теңгеге ұлғайтылды (Қаражал қаласының Ақтай ш.а. сумен жабдықтау желілерінің жұмыстарын аяқтау үшін – 182 634 мың теңге, тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салуға қосымша – 8782 мың теңге);
Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімі – 51 мың теңге (2023 жылғы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) облыстық бюджеттің нысаналы трансферттері – 50,3 мың теңгеге қайтарылды).
Сонымен қатар, Жәйрем кентінің де 2024 жылға арналған бюджетінің жобасы төмендегідей нақтыланды.
Жүргізілген іс-шараларға сәйкес, жалпы Жәйрем кенті бюджетінің: кіріс және шығыс бөліктері — қалалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен 393 250,0 мың теңгеге ұлғайтылады.
Шығындар ұлғайды – 393 250,0 мың теңгеге, оның ішінде:
Бағдарламалар бойынша:
«Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық, округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша бөлінген сома, қажеттілікке байланысты 1 393,0 мың теңге сомасына ұлғайды (Іс-сапарлар шығыстары);
«Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша бөлінген сома, қажеттілікке байланысты 1 343,0 мың теңге сомасына ұлғайды (Іс-сапарлар шығыстары);
«Жергілікті деңгейде мәдени демалысты қолдау» бағдарламасы бойынша бөлінген сома, қажеттілікке байланысты 412 514,0 мың теңге сомасына ұлғайды (МАФ-тар орнату – 16 060,0 мың теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстары – 13 500,0 мың теңге, ЛЭД экранды жөндеу – 1 554,0 мың теңге, Мәдени іс-шаралар -381 400,0 мың теңге);
«Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасы бойынша бөлінген сома, мемлекеттік сатып алудан үнемделген және ҚҚС 16 411,0 мың теңге сомасына азайды;
«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша бөлінген сома, мемлекеттік сатып алудан үнемделген және ҚҚС 2 266,0 мың теңге сомасына азайды;
«Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы бойынша бөлінген сома, мемлекеттік сатып алудан үнемделген және ҚҚС 41 019,0 мың теңге сомасына азайды;
«Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша бөлінген сома, мемлекеттік сатып алудан үнемделген және ҚҚС 5 046,0 мың теңге сомасына азайды;
«Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша бөлінген сома, қажеттілікке байланысты 55 000,0 мың теңге сомасына ұлғайды (Су беру және су бұру жүйесіндегі апаттарды жою -55 000,0 мың теңге);
«Мемлекеттік органның күрделі шығындары» бағдарламасы бойынша бөлінген сома, мемлекеттік сатып алудан үнемделген және ҚҚС 3 180,0 мың теңге сомасына азайды;
«Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқару» мемлекеттік сатып алудан үнемделген және ҚҚС 428,0 мың теңге сомасына азайды;
«Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша бөлінген сома, қажеттілікке байланысты 3 500,0 мың теңге сомасына ұлғайды (Кент автожолдарының орташа жөндеу жұмыстарына экспертиза жасау-3 5000,0 мың теңге).
Кезектен тыс өткен сессияның күн тәртібінде қарастырылған барлық сұрақтар депутаттар тарапынан қолдауға ие болып, қойылған сұрақтардың барлығы пысықталды.
Гауһар НАУРЫЗБАЕВА,
Қаражал қалалық
мәслихатының депутаты.