Қаражал қаласы өңіріміздегі өндірісті аймақтардың бірі һәм бірегейі. Қала аумағында бірнеше кәсіпорындар орналасқан. Қала басшысы Айқын Елеусізов жаңа жылдағы жұмысын бірқатар өндіріс орындары өкілдерімен кездесуден бастады.
Сондай бір келелі кездесу «Mining Technology kz» ЖШС кәсіпорнының басшысы Танат Бадамшин болды. Орайы келгенде айта кетейік, «Mining Technology kz» ЖШС кәсіпорны химия өнеркәсібі мен тыңайтқыштар өндірісі үшін минералдық шикізат өндірумен айналысады. Қызметкерлер саны 93 адам.
Кездесу барысында өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері, тұрғындарды жұмыспен қамту жайы талқыланды. Кәсіпорын директоры Танат Бадамшин серіктестіктің 2024 жылға арналған даму перспективалары туралы айтты.
Жыл сайын өңірдің әрбір кәсіпорнымен қаланы дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған меморандум жобасы әзірленеді. Өткен жылы «Mining Technology kz» ЖШС Ақтай шағынауданының тұрмыстық қалдықтарын шығару бойынша көмек көрсетті. Сондай-ақ, биыл кәсіпорын басшылығы меморандум жасасуға дайын екенін хабарлады.
Кездесу кәсіпорында өндіріс қарқынын төмендетпеу, экологиялық талаптарды сақтау мәселесі де сөз болды.