Өңіріміздің өркендеуінің кепілі

Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2022-2026 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды деген ақжолтай жаңалықты қуанышпен қабыл алдым.

Ұлытау облысы болып қайта құрылған аймағымыз үшін, қысқа мерзімде осынша салмақты, маңызды құжаттың халық назарына ұсынылуы белгіленген бағдардың дұрыс екендігінің белгісі. Мұны Мемлекет басшысының киелі мекенге үлкен қолдауы деп түсіну керек. Көптеген тұралап қалған салаларға қан жүгіртетін жобалар өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда алға басарына сеніммен қарауға мүмкіндік беріп отыр. Әлеуметтік нысандардың құрылысы, күретамыр – жолдардың жөнделуі, өндіріс саласының өріс жаюына мүмкіндік беретін жобалар басқа да ілкімді істер тұрғындарды қуантпай қоймайды. Ең бастысы жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашады. Мемлекетіміз, аймағымыз қарыштап дами берсін!

Рымғали МҰЗДЫБАЕВ,

Қаражал қалалық мәслихат депутаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісінің иегері.