«Ер есімі – ел есінде!» атты дөңгелек үстел өткізілд

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Тау – кен техникалық колледжі студенттерімен «Ер есімі – ел есінде!» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында Қаражал қалалсының мәдени-сауық орталығының әдіскері Қадырбек Аяулым Джагбекқызы

Отан үшін от кешкен батыр ағаларымыз жайында баяндама жасады.

Бейбіт күнде өмір сүріп жатқан өскелең ұрпақтың парызы – сол бір ауыр жылдарды ұмытпау, ерлікке толы тарихымызды болашақ ұрпаққа жеткізу екенін ұғындыруға арналған кездесу өз мақсатына жетті.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өте отырып, біз бейбітшіліктің, татулық пен бірліктің қадірін терең сезінеміз. Бұл – тек мерекелік күн ғана емес, бұл – ардагерлерге тағзым ету, тарихқа құрмет білдіру күні.