Таяу жылдары өңірімізде желден қуат алатын инновациялық, экологиялық және жоғары технологиялық энерге-тикалық нысаны салынбақ. Бұл жоба қазақстандық «Техногрупс Сервис» ЖШС компаниясы мен қытайлық Sinohydro Engineering Bureau Machinery and Equipment Co Ltd компаниясының бірлескен жоспары негізінде жүзеге асырылмақ.
Ұлытау өңірінде жаңартылатын энергия көздерінің әлеуеті белсенді дамып келеді. Бұл бағыттағы маңызды қадам – 1 гигаватт жел электр стан-циясының құрылысы болмақ. Осы мақсатта облыс әкімдігі жоба орындаушылар – қазақстандық «Техногрупс Сервис» ЖШС компаниясымен және қытайлық Sinohydro Engineering Bureau Machinery and Equipment Co Ltd компаниясымен арнайы меморандумға қол қойды.
Инновацияның басты мақсаты — баламалы көздерден энергия өндіру. Оның нәтижесі өңірді электрлендіру мәселесін шешу ғана емес, соны-мен қатар, бүкіл өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту болады.
Осы маңызды іске алғашқы қадам да жасалынды. Жуырда жылына 100 дана жел қондырғылары мұнараларының металл конструкцияларын шығаратын болашақ зауыттың капсуласы салтанатты жағдайда қаланды. Сондай-ақ, жел электр станциясын салу үшін әкімдік Жаңаарқа ауданынан жалпы аумағы 20 000 гектар болатын жер телімін бөлді. Мамандардың пайымдауынша бұл жерде жыл бойы қатты жел соғып тұрады екен. ЖЭС жо-балау мақсатында жыл бойы желді өлшеу жүргізілетін болады. Ол үшін бірнеше метеомачталар орнатылады, оларды орнатуға «ТехноГруппСер-вис» компаниясы жауапты болады.
Орайы келгенде айта кетейік, Халықаралық жоба 2023 жылғы 17 мамырда Сиандағы екі елдің президенттері арасындағы уағдаластықтар негізін-де екіжақты Қазақстан-Қытай экономикалық ынтымақтастығы шеңберінде іске асырылатын болады.
Қытайдың Power Construction Corporation of China мемлекеттік құрылыс энергетикалық корпорациясының баспасөз қызметі атап өткендей, компания Қазақстанда екі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға мүдделі. Оның бірі, жоғарыда аталған 1 гигаватт жел электр станциясы болса, екіншісі – Жезқазған қаласында жылына 100 дана жел қондырғылары мұнараларының металл конструкцияларын шығаратын зауыт салу.
Ізбасар ОЙБАС.