Еңбекпен қамту — халықтың әл-ауқатын арттыру кепілі

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы шеңберінде, халықтың әл-ауқатының артуы жұмыспен қамтылуына тікелей байланысты. Жұмысы мен лайықты жалақысы бар адам өзін және отбасын асыраумен қатар, қоғамның әлеуметтік өміріне толыққанды қатысып, мемлекетіне экономикалық пайда әкелуге мүмкіндік алады.

2024 жылы 864 адам жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік қайтарымсыз грантты 13 отбасы иеленіп өз кәсібін жүргізуде. Жалпы жұмысы жоқ, өзіне лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін Қаражал қаласы «Мансап орталығы» филиалына жүгінген кезде біріншіден, жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі, тиісті жұмыстың бар екендігі туралы ұсыныстарды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жұмыс таппаған жағдайда жұмыссыз ретінде автоматты түрде тіркеліп, уақытша жұмыс орындарға, сонымен қатар, кәсіптік оқытуларға қатысып сертификат алуға мүмкіндіктері бар.
Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшері 35 АЕК (137 мың 620 теңге).
«Бастау Бизнес» жобасы аясында «Мансап орталығы» арқылы тіркелген жұмыссыздар және жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кәсіпкерлік негіздерің «Enbek Skills» платформасында онлайн форматта оқып, соңында «Бастау Бизнес» жобасында оқығандығы туралы 3 жылға жарамды сертификат беріледі.
Осал топтарына жататын: қандастар, ерікті түрде қоныс аударғандар, көп балалы отбасылар, мүгедектігі бар, мүгедек бала асыраушы, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, комиссияның оң шешіміне орай 400 АЕК (1 572 800 теңге) көлеміне дейін қайтарымсыз грант алуға мүмкіндіктері бар.
Елімізде халықтың жартысынан көбін жастар құрайды. Сол жастардың жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарын тәмамдағаннан кейін жұмысқа орналасуы жылдан жылға қиындап келеді. Аталған мәселе мемлекет тарапынан тыс қалған емес. Осынау ортақ міндет – жастарды жұмыспен қамту мәселелерін шешу бағытында, жұмыс берушілер оларды жұмыс тәжірибесінің жетіспеуіне байланысты алғысы келмейді, сондықтан, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы іске қосылып, аталған бағдарламаның арқасында жоғары және орта арнаулы білім беретін оқу орындарының түлектері алғашқы жұмыс тәжірибесін алуы үшін мүмкіндік жасалды.
2024 жылы қаламыздағы орта арнаулы білім беретін Қаражал қаласының Тау-кен техникалық колледжінің студенттерімен, орта мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырылып тұрды. Жазғы демалыс кезеңінде 16 жасқа толған жасөспірімдер «Қоғамдық жұмыс» жобасына жолданып бос уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Жалпы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтерді электрондық еңбек биржасынан «Еnbek. Kz» платформасында қарауға болады. Жұмыссыз ретінде тіркелу жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік шараларды – жұмысынан айырылған жағдайда берілетін төлем, қоғамдық жұмыс­тарға, әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар практикасына жолдамалар алуға мүмкіндігі бар. Enbek.kz платформасы қолайлы жұмыс табуға көмектеседі. Жұмыс беруші Қаражал қаласы «Мансап орталығы» филиалы арқылы өтінім беріп, келісімшарт негізінде жұмыссыздарды субсидияланған жалақымен жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын, Күміс жас жобаларын құруға мүмкіндіктері бар. Жұмыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес 2024 жылы қысқа мерзімді курстарда 10 адам, келесі мамандықтардың: аспаз, тәрбиеші көмекшісі бойынша мамандық иегері болып тұрақты жұмыспен қамтылды, оқыту кезінде стипендия төленді. Қаражал қаласы «Мансап орталығы» филиалы азаматтарды тұрақты жұмысқа да, уақытша жұмысқа да («Қоғамдық жұмыстар», «Күміс жас», «Әлеуметтік жұмыс орындары») орналастыруға көмектеседі. Жастар үшін «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары да бар.

Гүлнар Сагинтаева,
Қаражал қаласы
«Мансап орталығы»
филиалының басшысы.