Еңбек – елдің тірегі!

Жұмысшы мамандықтар жылы – әрбір еңбек адамының маңыздылығын тағы бір мәрте айқындаған ерекше жыл. Өндірісте, құрылыста, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету саласында – қай жерде болсын, адал еңбегімен елге пайдасын тигізіп жүрген жандарға алғысымды білдіремін.

Мен өзім еңбек адамы ретінде, жұмысшы мамандықтарының қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінемін. Әрбір күн – жаңа сынақтар мен жаңа жетістіктерге толы. Бұл – тек кәсіп емес, бұл – өмірлік миссия! Еңбектің арқасында біз ел экономикасын дамытып, болашаққа сенімді қадам басамыз.

Осы жылы жұмысшы мамандық иелеріне деген құрметтің артып, олардың еңбегі лайықты бағаланғанына қуаныштымын. Бұл – біз үшін үлкен мотивация, жаңа белестерге ұмтылуға берілген шабыт. Әрбір қарапайым еңбек адамы – еліміздің тірегі, болашағының іргетасы.

Жуманбаева Мереке Рахимбаевна — Қаражал қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қаражал қаласы Аналар кеңесінің мүшесі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мереке Жуманбаева (@merekezhumanbaeva)