ЕҢБЕК АДАМЫНА — ЛАЙЫҚТЫ ҚҰРМЕТ

Қоғамның дамуы мен болашағы — қарапайым еңбек адамдарының маңдай терімен, табандылығымен қалыптасады. Әрбір таңды ерте ашып, күн ұясынан шықпай жатып жұмыс орнында болатын, елі үшін аянбай еңбек ететін азаматтар — нағыз батырлар. Олардың еңбегі көзге көрінбесе де, жүрекпен сезіледі, қоғамда орны ерекше.

Ауыл шаруашылығында тер төгіп, егін егіп, мал бағып жүрген еңбеккерлер, зауытта станок басында тұрған жұмысшылар, жол салып, көпір тұрғызған құрылысшылар, өндірісте, мектепте, ауруханада адал қызмет етіп жүрген әр маман — бәрі де лайықты құрметке ие.

Еңбек адамы — елдің тірегі, ертеңнің үміті. Олар — отбасына, қоғамға, Отанға деген жауапкершіліктің айқын үлгісі. Еңбекпен есейген жан ешқашан мойымайды, өйткені оның жүрегінде адалдық, қолында шеберлік, жанарында үміт бар.

Бүгінгі бейбіт күніміз — олардың қажырлы еңбегінің жемісі. Сол себепті де, еңбек адамына құрмет көрсету — ұлттың өзіне, болашағына деген құрметі.

Бір сәтке тоқтап, айналамыздағы қарапайым еңбек адамдарын еске алайық:

Көшедегі тазалықты қамтамасыз етіп жүрген ағайын,

Балаларға білім мен тәрбие беріп жүрген мұғалім,

Аурумен күресіп жүрген дәрігер мен медбике,

Таң атпай жолға шығатын жүргізуші,

Қайнаған тіршіліктің қайнарында жүрген жұмысшы…

Бұларсыз қоғам тоқтап қалады. Сондықтан, олар лайықты алғыс пен құрметке әрдайым ие болуы тиіс!

Жетимекова Манара Ерболатовна — ГУ «Отдел внутренней политики, культуры, развития языков и спорта города Каражал»