Еңбек адамы – жаңа индустриялық қоғамның басты құндылығы

XXI ғасырдағы жаһандық өзгерістер мемлекеттің даму деңгейін табиғи ресурстардың молдығымен емес, адами капиталдың сапасымен өлшейді. Бұл тұрғыда еңбек адамы – жаңа индустриялық қоғамның басты құндылығы болып қала береді.

Қазақстан үшін 2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы – еңбек адамына деген мемлекеттік көзқарастың түбегейлі жаңарғанын көрсетеді. Жұмысшы – тек өндірістің орындалуын қамтамасыз ететін маман емес, ол – технологиялық процестерді басқаратын, инновациялық шешімдерді енгізетін, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлға.

Қазіргі кезеңде индустриялық қоғам еңбек адамының жаңа бейнесін талап етеді: ол білімді, озық технологияға бейім, өзгерістерге тез икемделе алатын болуы шарт. Сондықтан кәсіби-техникалық білім беру жүйесін жетілдіру, жұмысшы мәртебесін арттыру – Қазақстанның орнықты дамуының негізгі алғышарттарының бірі.

«Еңбек адамы – жаңа индустриялық қоғамның басты құндылығы» деген қағидат еңбек мәдениетін нығайтып қана қоймай, әлеуметтік әділеттілік пен ұлттық бірліктің де өзегіне айналады.

 

Құрмансейітов Жалғасқан Ахатұлы

«Қазыналы өңір» Өңірлік газеті

ЖШС директоры