16.10.2026 · Қаражал, Ұлытау облысы
Q.QARAJALNEWS
Қазыналы өңірдің ақпарат айнасы
АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БАСЫЛЫМҚаражал · Жәйрем · Ұлытау
СОҢҒЫ АҚПАРАТҚазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты15.10.2026
Ақпарат ағыны

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!»

18.02.2026 · 19:43 · admin

Қаражал қалалық коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында Қаражал – Жәйрем аумағында кездесулерін жалғастыруда.

2026 жылғы 18 ақпанда бекітілген республикалық Желілі кестеге сәйкес, Қаражал қалалық коалиция төрағасы — «AMANAT» партиясы Қаражал қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Исина, коалиция құрамындағы қалалық мәслихат төрағасы Зәмзәгүл Оспанова, мәслихат депутаттары Айгүл Мауленина, Жұмакүл Ахметова, өнер мектебінің ардагер ұстазы Әбдірәсіл Рахым Қаражал қаласының №1 Тірек мектебі ұжымымен кездесті.
Ауқымды кездесуде коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Кездесу барысында көтерілетін сұрақтарға жауап беріліп, жиынға қатысушылар ой-пікірлерін білдірді.
Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесу, маңызды құжаттың мазмұнын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Қаражал қалалық коалиция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты, Қаражал қаласының №1 Тірек мектебінің директоры Жұмакүл Ахметова, ҚР Конституциясының жаңа Жобасы ұстаздар арасында әлі де талқыланатынын атап өтті.