Әділет кеңес береді

Ұлытау облыстық Әділет департаментінде халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету бойынша «Әділет кеңес береді» атты акция ұйымдастырылды.

Бүгінгі қоғамда халықтың заңнамаларды жете білуі мен заңның талаптарын  күнделікті өмірде сақтай білуі маңызды. Осы мақсатта ұйымдастырылған акцияны арнайы сала  мамандары жүргізді. Адвокат, сот орындаушысы, нотариус, сондай-ақ, Әділет департаментінің қызметкерлері азаматтарға ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар өзекті мәселелерге нақты жауаптар ала алды.

– Акция мақсаты – облыс тұрғындарына заң аясында кеңес беру. Сауалдарын тыңдау, заңды түсіндіру. Акция алдағы уақытта да өтіп тұрады. Кез келген заң жүзіндегі мәселемен жүгінуге болады, – деді Ұлытау облысы Әділет департаментінің басшысы Лаура Молдажанова.

Акция барысында кәсіби мамандардан кеңес алуға үлгермегендер Жезқазған қаласы, Момышұлы көшесі 9 мекенжайда орналасқан Әділет департаментінің кеңсесіне заң шеңберіндегі сауалдармен баруға болады.

Гүлім МАРАТҚЫЗЫ.