Болашақты еңбекпен қалыптастыруға серпін береді

Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025 жылы Қазақстанда еңбектің қадір-қасиетін көтеріп, техникалық және өндірістік кадрларды даярлауды жандандыру мақсатында жарияланды. Бұл бастама жастарды және тәжірибелі мамандарды кәсіптік-техникалық білімге тарту арқылы құрылыс, өнеркәсіп, қызмет көрсету салаларындағы кадрлық тапшылықты жоюға, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға және дуальді оқыту, стажировка, “Еңбек даңқы” байқауы секілді практикалық бағдарламаларды іске қосуға бағытталған. Нәтижесінде 20 000-нан астам маман сапалы сертификат алып, еңбек нарығында сұранысқа ие болмақ, ал мемлекет гранттар мен шәкіртақылар арқылы әр азаматқа тегін оқуға және тәжірибе жиып, тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Бұл жыл – еліміздің экономикалық қуатын арттырып, әрбір қазақстандықтың болашағын еңбегімен қалыптастыруға серпін береді.

Сагинтаева Гульнар Сапаровна — Қаражал қаласының Мансап орталығының басшысы.