26 ақпан Жезқазған қаласындағы Жезқазған тау-металлургия колледжі базасында «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен 3-курс студенттері мен оқытушыларға арналған жаңа Конституция жобасы және алдағы референдумға қатысты ақпараттық кездесу өтті.
Кездесу барысында мамандар Конституцияға енгізілетін өзгерістердің мән-мағынасын қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясы ардагері Т.И. Хмилярчук елдегі басқару жүйесіндегі жаңғыру үдерістерін түсіндірсе, тарих ғылымдарының кандидаты Ақбаян Нұртазина білім беру мен жеке деректерді қорғау мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ облыстық ҚХА Медиация орталығының өкілі «Халық кеңесі» институтының қоғамдағы рөлі туралы айтты.
Жиын еркін пікір алмасу форматында өтті. Студенттер өз ойларын ашық білдіріп, сұрақтарын қойды. Көпшілігі үшін алдағы референдум – алғашқы дауыс беру тәжірибесі болмақ.
Оқытушылар да мұндай кездесулердің маңызы зор екенін атап өтіп, берілген ақпараттың нақты әрі түсінікті болғанын жеткізді.

