Біздің еліміздің дамуы — ең алдымен адал еңбек етіп, тер төгіп жүрген жұмысшы мамандардың арқасы.
Ұста мен құрылысшы, жүргізуші мен дәнекерлеуші, механик пен ауыл еңбеккері — елдің тірегі, қоғамның негізі.
Әрбір кірпіштің қалануында, әр жолдың төселуінде, әр зауыт пен фабриканың тыныс-тіршілігінде — еңбек адамының қолтаңбасы бар.
Биылғы 2025 жыл — жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, жастарды кәсіпке баулу, тәжірибелі мамандардың мәртебесін көтеру жылы болмақ.
Құрметті еңбек адамдары, Сіздерге мың алғыс!
Оспанова Замзагуль Кажмукановна- Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы, қалалық Аналар кеңесінің төрағасы